Президент тапсырмасына сәйкес, жарық жетіспеушілік мәселелерін тойтарып, олқылықтармен күресу мақсатында «тарифті инвистицияға айырбастау» жобасы қолға алынған. Шара шеңберінде жүйелі жұмыс істеліп, «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесі бекітілген инвистициялық бағдарламаларды жоғары деңгейде іске асырып келеді. Қазір Түркістан қаласында жарық қызметін 14 000-нан аса үй пайдаланып отыр. Одан бөлек мыңнан аса заңды нысан абониенттер тізіміне қосылған. Оларға сапалы қызмет көрсету мақсатымен тозығы жеткен 7 трансформатор жаңартылып, қуат көзі еселенген. Жауаптылар қолға алынған жұмыстар легін толық баяндап, БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Биыл инвест бағдарлама аясында 8 млрд теңге бөлінген. Жауаптылар журналистер мен зиялы қауым, партия қызметкерлерінің басын қосып, атқарылған іс-шаралар легін таныстырды. Жөндеу, реконструкциялау жұмыстарын шолып, алдағы жоспарымен бөлісті. Жауаптылардың айтуынша, жөндеу жұмыстарына қолданылған материалдың басым бөлігі - отандық өнімдер.  Тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында 15 мВА қуат трансформаторы 25 мегават трансформатоларына ауыстырылған. Сондай-ақ физикалық тозығы жеткен 6 кВ майлы ажыратқыштар 6 кВ вакуумдық ажыратқыштармен алмастырылды.

 АҚТІЛЕУ БЕКМҰРАТОВ, ҚР ҰЭМ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 – «Қазір ай сайын мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы жобалар суммасының игерілуі бойынша. Ол бойынша министрлікке де ақпарат жіберіп отырмыз.Бұл үкіметте де қатаң бақылауға алынған.» 

 Жауаптылар: «Тозығы жеткен бағаналар мен жарамдылық деңгейі төмендеген электр желілері ауыстырылған. Трансформаторлар да жаңартылып, күш-қуаты еселенген.» дейді. Айтуларынша, арыз-шағымдар негізінде жүйелі жұмыстар атқарылып, олқылықтар оңалтылған. Шарада сондай-ақ Шымкенттегі «Денропарк» қосалқы станциясының жұмысы да талқыланды. Мәліметтерге сәйкес, аталған станцияның  40 000 киловольт амперді құрайтын екі трансформаторы, 110 килоВольт-тық элегазды құрылғылары және тұрақты токпен қамтамасыз етудің кепілдендірілген жүйесі бар.

 ҒАНИ ҚОЙШИЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИНЖИНЕРІ
 – «Түркістанда тозығы жеткен 7 трансформатор ауыстырылды. Төменгі кернеулі линиялар толығымен ауыстырылды. Жеті жерде ауыстыру жұмыстары жүрді»

Шараға қатысушылар электр нысандарын түгелдей аралап көрді. Атқарылған іске оң бағасын берді.