Енді автобус жүргізушісі қолма-қол ақша талап етіп, жеке шотына қаражат аударуды өтінбейді. Өйткені, бұдан былай қоғамдық көліктер тек электронды төлем қабылдайды. Мұндай шешім шығаруға, жолаушылардан келіп түскен талап-арыздар легі негіз болған. Соңғы тоғыз айда 3500-ге жуық тұрғын автобус жүргізушілері қолма-қол ақша талап етеді деп, шағымданған. Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов баспасөз отырысында мәлімдеді. Қара жолға қатысты тағы қандай өзгерістер бар? Толығырақ тілші материалында.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Қоғамдық көлік жүйесіне енгізілген өзгертулердің бірі – «Автобус» қосымшасы. Тиісті басқарма «Төлем» компаниясымен арадағы келісімшартты үзіп, жаңа жүйеге аяқ басқан. Еліміздің 17 қаласы мен көрші Қырғыз елінің Ош шаһарында жұмыс істейтін қосымша бірнеше артықшылықтарға ие. Мәселен, аталған бағдарлама көмегімен қай автобустың қанша уақытта келетінін бақылауға болады және төлем жасаудың тиімді тәсілдері қарастырылған. Сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушісі арнайы планшет арқылы жолаушылардың төлем жасағанын, не жасамағанын анықтай алады.
ЖОМАРТ КАМИДОЛЛИН, SMART MOBILITY ОПЕРАТОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
– «Қандай реисте келе жатыр, қандай уақытта келе жатыр, кешігіп келе жатыр ма, өз уақытында келе жатыр ма, асығып келе жатыр ма, кешігіп келе жатыр ма? Ақпарат осы плентте көрсетіліп тұрады.»«Әртүрлі төлем тәсілдері бар. Бұл арқылы Блютуз, QR, NFC, көлік нөмірі және картадағы автобустар арқылы да төлем жасауға болады.»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Төлем компаниясы Мегаполистегі жұмысын тоқтатты. Бірақ, жолаушылар қолындағы қаражаты бар карталар әлі де жарамды. Басқарма картадағы қаражат күйіп, тұрғындар ақшасы желге ұшпауы үшін, шоттағы қаражаттың толық жұмсалып бітуін күтеді.
РОЛАН ИБРАГИМОВ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Тұрғындар картасындағы қаражатты пайдаланып алса болады. Өйткені, «төлемді» әзірге жүйеден өшірмейміз. Бірақ қазір басқарма мен «төлемнің» арасында қатынас жоқ»
Өзгерістер басқарма тарапынан жіті бақыланады. Тұрғындар арыз-шағымы, талап тілегі тыңдалады. Осылай деген жауаптылар, автобус бағдарламасын жетілдіріп көліктердің келу-кету уақытын көрсетілетін медиабордтар мен аудиоақпараттандыру жүйесін кеңейтуді көздеп отырғанын айтады.