Қазір қай сала болмасын автоматтандыруды талап етеді. Қызмет көрсету мен тауар ұсынуда ІТ саласының берер артықшылығы мол. Сондықтан да цифрландыру мамандарына сұраныс та артып отыр. Осы мақсатта  ақпараттық технологияларға қызығушы жастарға арналған форум өтті.
 «SHYMKENT IT HUB – мүмкіндіктер алаңы» форумының мақсаты ақпараттық технологиялар саласын насихаттау. Жаңа бастамаларды жұртшылыққа жариялап, тың идеялар тудыру. Цифрландыру басқармасы ұйымдастырған жиын Shymkent Hub-тың мүмкіндіктерімен таныстыру да көздеді.
 МҰХИТ КЕМЕЛОВ, ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 0097: 00,38-00,59; 01,45-01,56
«Қазіргі таңда өздерінің болашағын IT саласымен байланыстырған жастар көп. Осы форумды өткізудегі негізгі мақсат – IT саласын дәріптеу, одан әрі дамыту, жас мамандарға, оның ішінде ақпараттық технологиялар факультетінде оқып жүрген студенттерге өңірлік хабтың мүмкіндіктерімен, қолдау тетіктерімен таныстыру. Цифрландыру – кеңінен дамып келе жатқан сала. Қазір барлық жүйелер автоматтандыруды талап етеді. Өз мүмкіндіктеріңізді одан әрі дамыту үшін осы хаб ашылып отыр. Коворкинг орталықтарының да сіздер үшін есігі әрдайым ашық».
 Форум спикерлерінің бірі кәсіби ІТ маманы Ерсайын Аманбай. 12 жыл бойы Германияда білім алып, жұмыс істеген. Еуропада тәжірибе жинаған жас бүгінде бизнес иелері үшін веб-сайт пен мобильді қосымша әзірлейтін Аmanbay Tech компаниясын құрған. Оның кезекті стартабы Қазақстанда баламасы жоқ қосымша болмақ.  
 Процестерді автоматтандыруға маманданған аталған бағдарламалық жасақтама 3 ай бұрын қолға алынған. Қазіргі уақытта MVP нұсқасы шығып, тесттік фазасы аяқталған. Алдағы екі аптаның көлемінде онлайн сервисте пайда болады. Бұл жобаға да Shymkent Hub-тың базасы қолданылған.
 Оқушылар және студенттер қатысқан форумда мамандар IT экожүйесін дамыту мен жаңа жобаның жұмыс бағыттарына тоқталды. Спикерлер өздерінің стартап және әлеуетті жобалары бойынша сұрақтарға жауап берді.  Биылғы тамызда ашылған Shymkent Hub технологиялық кәсіпкерлікті ілгерілетуді көздейтін сала мамандары үшін таптырмас алаң.