Ел ішіндегі ынтымақ, бірлік – басты орында. Ұлттық құндылықтарға негізделген танымы жоғары жастары бар мемлекеттің алар асуы биік болмақ. Мегаполисте осы өзекті мәселелер талқыланған келелі жиын өтті. «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» тақырыбында республикалық лекторий бастау алады.
Бұл лекторийдің мақсаты – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеу. Екі күнге жоспарланған жиынның  ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов арнайы келіпті. Іс-шараны Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашып берді.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК,  ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Осы жылдар бойы Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болып келе жатқандығы  Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық ұлттардың келісімі мен татулығының арқасында екендігін біз баса айтуымыз керек. Бірақ бар екенбіз деп тоқмейлінсуге болмайды. Жахандану дәуірінде әртүрлі геосаяси ойындардың жүріп жатқан кезінде  Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек.

ЛУГМАР БУЛАРОВ,  ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Цель нашего везита .. Сапарымыздың мақсаты мемлекет басшысының «Біртұтас қоғам келісім және  сенім» атты  қоғамдық жобасын жүзеге асыру . Этноорталықтардың ынтымағын нығайтып халықтың билікке деген сенімін арттыру. Бұл жобаны еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырып келеміз

Лекторийға ғалымдар баяндама дайындап өзекті мәселелерді қозғады. Елімізге танымал өнер адамдары да ойларын ортаға салды. Солардың бірі Қазақстанның халық әртісі, профессор, кино және театр актері Тілектес Мейрамов. Оның ойынша  жастардың рухын өнер ғана оятады.  
ТІЛЕКТЕС МЕЙРАМОВ,  КИНО ЖӘНЕ ТЕАТР АКТЕРІ
 қазіргі кезде насихат құралдарының бірі телеарна Қазір арналарда арзанқол хабарлар көбейіп кетті. Біз осы мәселені көптен бері қозғап келеміз  Өнер адамның жүрегі арқылы санасына өтеді.  

Лекторийдың ашылу салтанатына республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен  мүшелері келді. Азаматтық қоғам институттарының жетекшілері, депутаттар, журналистер де маңызды жиынның куәгері болды.