Соңғы жылдары жастардың синтетикалық есірткіге деген тәуелділігі артқан. Әсіресе, мектеп оқушыларының арасында ғасыр дерті дендеп барады. Қоғамның бас ауыртып, балтыр сыздатқан мәселесі бүгін Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз форумда жан-жақты талқыланды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Есірткі қылмысы бойынша елімізде жыл басынан бері 39 кәмелетке толмаған бала ұсталыпты. Оның 13-і мектеп оқушысы болса, 21-і колледж студенті екен. Ал, 1-еуі ЖОО оқитын көрінеді. Араларында 3 жасөспірім бар, деген дерек форумға жиналғандардың жағасын ұстатты. Бесіктен белі шықпаған баланың мұндай іспен айналысуына бірден-бір себеп, түрлі желідегі жылтыраған жарнаманың әсері, дейді құзырлы орган қызметкерлері Сондықтан, жасөспірімдерді қараусыз қалдырмауды қатаң ескертті.
Форумда есірткінің адам денсаулығына келтіретін зияны жайында сөз қозғаған нарколог-дәрігер салдарына да тоқталып өтті.
Тәрбие тал бесіктен. Қауіптің алдын алу үшін ата-ана баласын үнемі бақылауда ұстауы қажет, дейді ұлағатты ұстаз Сайфулла Шәдіқожа. Бұл мақсатта аудандағы білім ұяларында түсіндіру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтады.
Нашақорлыққа тәуелділік ұсақ заттарға әуестенуден басталады. Зиянды әдеттің соңы ауыр дертке шалдықтыру әбден мүмкін. Мамандардың айтуынша, нашақорлардың 80 пайызы өз еркімен ем қабылдамағандықтан, қайта сол ортаға оралады екен. Ал, араларындағы синтетикалық түрін тұрақты тұтынатындары ары кетсе 1,5 жылдан кейін өзін-өзі жоғалта бастайды. Ордабасы ауданында биыл есірткі қылмысына қатысты 18 жәйттің жолы кесіліпті.