«Таза Қазақстан» акциясы мегаполисте қарқынды жалғасуда. Сенбілік қала тұрғындарының дәстүрлі салтына айналды. Бұл жолы Қаратау ауданында күзгі ағаш егілді. Игі шараны тілші әңгімелейді.
Қолына күрек алып, ауласын абаттандыруға кіріскен бұл – Тұран шағын ауданы Омбы көшесінің тұрғындары. Көршілер күз мезгілін пайдаланып ағаш отырғызуға кірісті. Омбылықтар әкімдіктен бөлінген қарағашты емес, қалталарынан қаржы шығарып сәндік дарақтарды егуге ниет етіпті. Көшенің көркейгені көптің мақсаты.
ТӨЛЕГЕН ҚҰРАЛБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Әр адамның әр қазақстан азаматының өзінің міндеті болу керек. Әркім өзі шығып ауласын жайқалтса еліміз көркейе береді.
Талаптыға нұр жауар. Ынтымағы ұйысқан көше тұрғындарына биліктің де көзқарасы оң. Биыл әкімдіктің қолдауымен жол бойында бос жатқан жерге спорттық алаңша мен демалыс алаңы соғылған. Тұрғындар да сыйға – сый, сыраға – бал деп, кезек күтпей жолды өздері жарықтандырған. Бағаналарға шам орнатып, өз жағдайларын жақсартқан.
АЗАМАТ ПАРМАНОВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Тұрғындар бар ақсақалдар бар өз күшімен ағаш ектірді. Столбаларға жарықтандыру өздері істеп жатыр. Үлкен алғысымызды айтамыз.
Акция аясында Тұран шағын ауданында күре жолдар қоқыстан аршылды. Асфальт жолдың шаңы сыпырылып, арық-атыздар тазаланды. Бұл игі жоба Қаратау ауданында жалғасын таба бермек.