Биыл еліміздің оңтүстік шебінің күзет қызметіне 25 жыл! Тікесінен тік тұрып, күн-түн демей шекара күзеткен жауынгерлер мақтау мен марапатқа лайық. Мерейлі дата аясында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Жиынға аталған салада еселі еңбек етіп, табанды қызмет атқарған ардагерлер, жауапты мамандар мен жастар қатысты. Студенттерге шегара қызметінің қыр-сырын баяндады.
Шекарадан заңсыз өтуге немесе тыйым салынған заттарды тасымалдауға тырысатын арам пиғылдылардың алдын алатын мамандар студенттерге жөн сілтеп, бағыт- бағдар берді. Ел қақпасын кірпік қақпай күзетіп, отан үшін басын бәйгеге тігетін шегарашылар күн сайын қауіп-қетермен бетпе-бет келеді. Заңсыз жүрістердің жолын кеседі.
 ГҮЛНӘР СЕЙДАХМЕТОВА, ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ТӘРБИЕЛІК-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА КОНСУЛЬТАНТЫ
 – «Жыл сайын шегара заңдарын бұзушылар құрықталады. Контрабандалық өнімдер тәркіленеді. Соңғы үш жылда есіркінің 772 кг тәркіленді. Бұл қаншама жастың улануының алдын алды деп есептейміз.»
 Алмас Қосжан – Сабыр Рахымов атындағы әскери коледж студенті. Ұлттық рух пен отансүйгіштік қасиетіне қанып өскен ұлан «әскери қызметкер боламын деген арман, санама 7 жасымда-ақ бекіді» дейді. Содан бері Отанға адал қызмет атқаруды мақсат тұтып, әркери қимыл-әрекеттерге машығып келеді. Айтуынша, арманы шегара шебін күзету.
 АЛМАС ҚОСЖАН, СТУДЕНТ
 – « Өз отбасыңды өзің қорғамасаң сенен басқа оны кім қорғайды? Біз бәріміз міндеттіміз отанды қорғауға. ҚР ата заңында жазылған «әрбір азамат отанды қорғауға міндетті» деп. Ол міндет деп санаймын»
«Орта Азия мемлекеттері ішінде шегара шебін шегендеп, делимитация мәселесін берік бекіткен алғашқы ел – Қазақстан». Осылай деген Сәкен Мәжінбеков еліміздің көрші елдермен ардағы жер дауы жоқ екенін алға тартты. Ақпаратты алқалы жиынға кеңінен тарқатқан азамат, жиынның жастарға берері мол дейді.
 СӘКЕН МӘЖІНБЕКОВ, САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
– «Осындай мәселелерді жастарға жіті түсіндіріп, ұғындыру өте маңызды деп санаймын. Мұндай келісімдерді кімдер жасады, қандай құжаттарға қол қойылды? Осының бәрін жастар санасына терең сіңіру өте маңызды деп ойлаймын»
Жиында аға буын мен сала мамандары баяндама жасап, студенттердің көкейтесті сауалдарына жауап берді. Білікті мамандар бұл қызметтің қиын да қызық тұстарын айтып, кеңінен әңгімеледі.