Алматы, Сарыөзек, Тараз, Отар және Шымкент гарнизондарының тәрбие құрылымдарының жеке құрамымен оқу-әдістемелік жиындар өтті. Мұндай іс-шаралар жеке құраммен жұмыс істеуде негізгі функцияларды орындайтын тәрбиешілердің кәсіби дайындығы мен практикалық дағдыларын арттырады. Негізгі мақсат шенділердің функционалдық міндеттерін орындау дағдыларын жетілдіру болды.

Жиын барысында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен, ардагерлер ұйымдарымен және сарбаз аналары комитетімен өзара іс-қимыл мәселелерін ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Құрлық әскерлерінің әртүрлі әскери бөлімдерінің офицерлерінен құрылған дәріскерлер тобының дайындаған сабақтары өтті. Ал жалпы басшылық Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыс бас басқармасының бастығы полковник Арынғали Ақышевке жүктелді. Өз сөздерінде спикерлер әскери бөлімде тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды жоспарлау мен өткізуді ұйымдастыруға қатысты маңызды мәселелерді қарастырды.


ЕРҰЛАН  БУГУЕВ,63-310  ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ  
- Бұл сабақтардың негізгі мақсаты  ол жоспарлау басқарма құжаттармен дұрыс жұмыс жасау Сонымен қатар жеке құрамның моральдық психологиялық жай күйін көтеру бойынша сабақтар өткізілуде.