Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» ғимаратында «Ислам және дәстүр құндылығы – қайырлы ұрпақ, ізгі қоғам кепілі» атты жиын өтті. Шараның мақсаты – елдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және қоғамда деструктивті идеологияға иммунитет қалыптастыру.
Ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық пен үндестік бар. Екеуінің де алатын орны қазіргі уақытта үлкен маңызға ие. Себебі ата-баба салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыпының қайнар көзі – Ислам дінінен бастау алған. Жиында халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының түп тамыры, тәрбие маңыздылығы, дәстүрлі дін тақырыбында әсерлі баяндамалар жасалып, тұщымды ойлар айтылды. Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды. Кездесуде соз алған Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» тақырыбындағы кездесу ұлттық құндылықтарды айшықтай түсуге сеп болатынын жеткізді.
ЕРЖАН ТӨЛЕПОВ – БАС ИМАМ
Жиналған дүйім жұртқа, үлкен қарияларға апаларымызға, дін қызметкерлерге, студенттерге, жастарға дін мен дәстүрдің сабақтастығы ізгі қоғамды қалптастырудағы жастардың орны ерекше екендігі жиында қозғалды. Бүгінгі жиынның ерекшелігі тағыда жалғасын көріп отырмыз. Қала басшылығы келіп, имамдармен танысып ұсыныс пікірлер тыңдады.