Президенттік пән олимпиадасы мәресіне жетті. Оқушылар жаратылыстану-математика циклі бойынша жарыс жолына шығып, кіл мықтылар анықталды. Енді олар 19-қарашада Астана қаласында өтетін республикалық конкурста шаһар намысын қорғайтын болады.
4 пән бойынша тест тапсырып, білім бәйгесінде оза шапқан оқушылар бүгін марапат алып, марқайды.Бұл байқау Шымкент қалалық білім басқармасының №514 бұйрығына сәкес ұйымдастырылды. Оған оған шаһар мектептерінің озат оқушылары қатысып, бақ сынады.
Бүгінгі марапаттау шарасына халықаралық жарыстың жеңімпазы Әмина Сәулембек те арнайы шақыртылды. Ол Малайзия мемлекетінде өткен ғылыми жобалар жарысында қола медальға ие болып, ел абыройын асқақтатты.
ӘМИНА СӘУЛЕМБЕК – Ө. ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №9 МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ
Мен Өмірхан Жолдасбеков атындағы №9 мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысымын. Малайзия мемлекетінде өткен жарыстан қола медаль жеңіп алдым. Бұл байқау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Орта Азия мемлекеттерінің мен деген дарынды оқушылары қатысты. 1200 баланың ішінен суырылып алға шығу оңайға соқпады. Менің ғылыми жобам пластик өнімдерін қайта өңдеуге бағыттталды. Бұл экологияға өте пайдалы жоба...
Сондай-ақ, бүгін математика, жаратылыстану циклі бойынша мектеп оқушыларының олимпиадасы басталды. Білім сынағына қаладағы барлық мектептен 3 мыңға жуық бала қатысып жатыр.
Айту керек: Дарын орталығының ұйымдастыруымен 200-ге жуық олимпиада ұйымдастырылады. Бұл жарыста оқушылар түске дейін математика, жаратылыстану циклі бойынша тест тапсырады. Ал, түстен кейін қоғамдық гуманитарлық бағыт бойынша бақ сынайды. Конкурс академиялық адалдықды сақтай отырып өтуде. Жеңімпаздар қалалық кезеңге қатысады.