Қазақстандағы жемқорлық дерегі көп тіркелетін өңір белгілі болды. Антикордың мәліметінше, ең көп факті Шымкентте анықталған. Үш мегополистің бірі саналатын өңірде биылдың өзінде 90-ға жуық іс қозғалған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Massaget.kz порталына берген жауабында биылғы 10 айда тіркелген жемқорлық қылмыстарының ең көп саны - Шымкентте 87, Астанада 83. Сондай-ақ Алматы облысында 67 және Абай облысында 55 факті тіркелген. Ведомство өңірлерде қандай салаларда жемқорлық деңгейі жоғары екенін де мәлімдеді. Шымкент қаласында Әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласында 9 қылмыс, білім беру саласында 7 қылмыс тіркелген. Астана қаласында білім беру саласында - 13; Алматы облысында білім беру саласында - 21; Абай облысының ауыл шаруашылығы саласында 6 жемқорлық қылмысы анықталған.