Шымкентте салт дәстүр орталығының жаңа ғимараты салынады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәкен Құранбек мәдениет басқармасының алқалы отырысында айтты. Алайда мәдени нысанның нақты қай жерде, қашан салынатыны белгісіз. Сонымен қатар қалада жаңадан опера және балет театры бой көтермек. Жиынға қатысып қайтқан тілшіміз Нұрлан Пайзов сөз саптасын.
Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев жыл басынан бері атқарған жұмыстарының есебін берді. Ол алдымен саланы дамытуға бөлінген қаржының қайда жұмсалғанын айтты. Мәселен биыл басқармаға 13 миллиард 586 миллион 572 мың теңге қаржы қаралған. Оның 10 миллиардқа жуығы кассалық шығындар екен. 261 миллионы теңге ғимараттарды жөндеу жұмысына жұмсалса, 390 миллион теңге қаражат мекемелерді материалдық-техникалық жарықтандыру және негізгі құралдар мен тауарлар сатып алуға жұмсалыпты.
БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ - МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Штат санына байланысты жалпы айлық көлемі бар, соынмен қатар коммуналдық шығыстар, соынмен қатар мәдениет басқармасына қарасты даму бала платформасына бөлінетін қаржы есебінен болып отыр. Бүгінгі таңда бізге биылғы жылдың 10 айында есептік мерзімде бізге бекітілген бюджеттік қаражат толығымен игеріліп отыр.
Алқалы отырысқа қатысқан мәдениет саласының қызметкерлері басқарма басшысына көкейдегі сұрақтарын қойды. Бірі қаладағы театрлардың жай-күйін айтса, енді бірі мемлекеттік наградалардан қағылып жатырмыз деп өкпе-назын жеткізді.
МӨЛДІР МҰРАТБЕКОВА – САТИРА ЖӘНЕ ӘЗІЛ-ЫСҚАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ
1939 жылы қаланған театр қазір ешқандай әрлеуге келмейді. ҚАнша жамасада құздап тұр. Ішінен зәктің иісі шығады. Егер көрермен келіп жатса, бір жағдай болып жатса, білмеймін қандай жағдай болатынын.
ЕРКІНБЕК ШЫМЫРҚҰЛОВ – Ж.ШАНИН АТЫНДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ
Өзімнен кішкентай азаматтар еңбек сіңірген қайраткеріне ұсынылып жатыр. Мен өз басым шыны керек осы театрмен жастайымнан келе жатырмын. Қаншама спектаклдерде басты рөлдерде ойнап келе жатырмын. Әлі ұснылған нәрселеріміз жетпейді. Кешебір күтіп едік торқалы тойда. Айтулы тойда күтіп кедік. Сол айтатыным.
Қалалық опера және балет театрында музыкалық аспаптар жетіспейді. Сахна саңлақтары бұл мәселені де назардан тыс қалдырмады.
БАЯН ЕРЖІГІТҚЫЗЫ – ОПЕРА ЖӘНЕБАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ
Аспап алуға мүмкіндік бар ма? Өтініш, егер бізде осы біраз жыл бұрын духовой оркестр жұмыс жасайтын едік. Демалушыларға ойнап, керемет инстурменттер алынған еді. Сол инструменттердің ішіндегі ойым сол инструменттер айда екен ей деген. Соның ішінде жарамды инструмент болса алып жөндетіп хотя бы, жамап жасасақ та болады алып бермесеңіздер.
Жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәдениет басқармасының есебін сынға алды. Мәдениет саласында проблеманың шаш етектен екенін айтқан ол, мұндай кездесуде барлық мәселе айтылып, шешу жолдары қарастырылу қажеттігін жеткізді.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мұндай алқалы мәжілісте өзекті мәселелер айтылу керек. Мәдениет саласына қатысы бар барлық тұлғалар шақырылсын деп тапсырма бердік. Бүгінгі алқалы отырыста жалпы театрлардығ кітапханалардың, музейлердің цирк болсын салт-дстүр орталығы болсын мына жерде түртіп отырдым. Тіпті зоологиялық саябақтың қызметкерлері болсын. Сол жердегі мәселелер айтлмады. Яғни баяндама ашылмады деп есептеймін.
Сондай-ақ әкім орынбасары мәдениет саласында бірқатар қуантарлық жаңалық айтты. Алдағы уақытта қалада домбыра пішіндес салт-дәстүр орталығының ғимараты бой көтеретінін айтты.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Салт дәстүріміз әдет-ғұрпымыз осы жерде дәріптелмегенде қай жерде көтеріледі. СОы себепті қала әкімінің тікелей ұсынысымен домбыра күйіндегі салт-дәстүр орталығының эскизі жоғарғыбасшылыкпен мақыұлданды. Өздеріңіз білесіздер бізде 35 мыңдық стадионның қрылысы басталды. Сонымен қатар опера және балет театрының істету мақсатында ғимаратты бастағалыд отырмыз. Бұлбиылғы жоспар келесі жылға көшеді.
Қала әкімінің орынбасары басқосуда бірқатар театр ғимараттарының жағдайы мүшкіл екенін айтты. Аталған саладағы қордаланған мәселе рет-ретімен шешілетін болады деді Сәрсен Құранбек.