Ауыл маңына бір тонна сойылған мал қалдықтарын тастаған шымкенттік жауапқа тартылды. Құқық бұзушылық туралы учаскелік инспекторлар тұрғындардан WhatsApp-тағы ортақ чат арқылы білген.
Іздестіру шараларының нәтижесінде құқық бұзушы жедел анықталды. Ол өзінің іс-әрекетін жүк көлігінің бұзылуымен ақтағысы келді. Алайда ол заңды жауапкершіліктен қаша алмады. Тәртіп сақшылары оған қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Сойылған жануарлардың қалдықтарын ер адам өзі жинап алды.