«Тазалық жұмысы тек коммуналдық қызметкерлердің ісі емес. Әрбір адам, әрбір тұрғын өз ауласы мен көшесін көріктендіруі керек». Ауыл билері осылай дейді. Бүгінгі «Таза Қазақстан» акциясына Абай ауданына қарасты елді-мекендер мен шағынаудандардың төбе билері атсалысты.
Самал-3 шағынауданының тұрғыны Мауия Жанәбілқызы белсенді зейнеткер. Үйде құр отырғанды ұнатпайды, көршілерін де тазалыққа үндейді. Бүгінде де қоқыс тазалау үшін қолғап әкеліп, көпшілікке таратты. Қолы қалт етсе де ауласын абаттандырып, көшесін көріктендіретін тұрғын көпке, әсіресе жастарға осылайша үлгі болуымыз қажет дейді.
Б.Момышұлы және Шұбаркөл көшесінің бойында санитарлық тазалық жұмысын «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтті. Оған Абай ауданының әкімдік мамандары мен коммуналдық мекеменің 50-ге жуық қызметкері тартылды.
Көше бойы, ирригациялық жүйелер қоқыстан аршылып, шөптер орылды. Эко іс-шара халықтың экологиялық мәдениетін арттырып, тұрғындарды тазалыққа, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақыруды мақсат еткен.
Жергілікті тұрғындарды жұмылдырған мұндай эко іс-шаралар жалғасын табады. Ендігі аптада тазалық жұмысы өзге де шағынаудандарда ұйымдастырылады