Шымкентте қоршаған ортаның тазалығы мен азаматтардың эко санасын арттыруға бағытталған іс-шаралар тоқтамайды. Бұл жұмада «Таза Қазақстан» акциясы қаланың бес бірдей ауданында қатар ұйымдастырылды. Тұран ауданының тұрғындары мен коммуналдық қызметкерлері Қазығұрт шағынауданындағы мектеп ауласын тазалады.
Қазығұрт шағын ауданындағы №86 мектептің сенбілік өтті. Іс-шара барысында мектеп аумағы мен оның айналасындағы көшелер қоқыстан тазартылып, ағаш жапырағы жиналды. Акцияға мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар және жергілікті тұрғындар белсене қатысты.
Кез келген сенбілік тек қоқыс жинаумен ғана шектелмейді. Ол адамдарды біріктіруге, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Ортақ істі қолға алған әрбір адам қала тазалығына өз үлесін қосу арқылы өзара түсіністікті, ауызбіршілікті нығайтады. Тұрғындары осы сенбіліктер арқылы ортақ мүдде жолында біріккенде, нәтижесінде таза әрі әдемі қалаға айналады. Мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор, балаларға үлгі көрсетіліп, қоршаған ортаны қадірлеуге үйретеді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатқан сенбіліктер қала тұрғындарының арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруда маңызды рөл атқарады. Бұл жұмыстарға коммуналдық қызметкерлер арнайы техника, құрал жабдықтарымен жұмылдырылды.
Іс-шара барысында мектеп аумағы мен оның айналасындағы көшелер қоқыстан тазартылып, ағаштарға күтім жасалды. Акцияға мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар және жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Тұран ауданы коммуналдық мекемесі мен «Шымкентспецкомплекс» ЖШС жұмысшылары арнайы техника, құрал жабдықтарымен жұмылдырылды.
КСМ: Экологиялық акция науқандық іс-шара емес, бастама тұрғындардың зор қолдауына ие болған. Осылайша, жыл соңына дейін тазалық жұмысы жалғасады.