Шымкентте көлік терезесін күңгірттеген 20 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол үстіндегі құқық бұзушылықтарды болдырмау және оны дер кезінде анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері көлік терезесін күңгірттеген 19 629 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Дер кезінде автокөлік иелерімен әйнектегі күңгірттеу қағазын алып тастау жұмыстары жүргізілді. Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге терезенің жарық өткізу талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін мұқият сақтап, жолда абай болуға шақырады.