Алған затыңыз көңіліңізден шықпаса оны ауыстырып немесе жұмсаған қаржыңызды қайтара аласыз. Сіздің мүддеңізді Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қорғайды.   Департамент тұрғындардан келіп түсетін өтініштерге жедел жауап беру, талап-арыздық жұмыс жүргізу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету бағытында бірқатар нәтижелерге қол жеткізген.
 Мекемеге жыл басынан бері 4 мыңға жуық  өтініш келіп түскен. Тұрғындардың  3274 өтініші қанағаттандырылған.  9 айда 18 талап-арыздық іс сотқа жолданып, 9 іс бойынша оң шешім қабылданыпты. Сот арқылы тұтынушылар пайдасына жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам қаржы  өндірілген.  16 талап-арыз бойынша департамент сот отырыстарына үшінші тарап ретінде қатысып, тұтынушылардың құқықтарын қорғады.
ОСПАН ӘБИЕВ,   САУДА  ЖӘНЕ  ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН  ҚОРҒАУ  ДЕПАРТАМЕНТІ  БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
-Кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасында белгілі бір байланыс орнату болып табылады Заң бойынша тұтынушы бірден біздің департаментке шағым жасай алмайды. Бірінші ол кәсіпкерлермен тұтынушы арасында шағым хат болу керек.  Келісінге келмеген жағдайда біздің департаментке жаза алады.

 Тұтынушылардың құқықтары "Е-Тұтынушы" бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы да қорғалады.  2024 жылдың 9 айында пайдаланушылар саны 5774 адамға жеткен.  Онда  тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны 1206-ға көбейіпті. Жүйе арқылы 178 өтініш қабылданып, тиісті жұмыстар атқарылған.