Бұдан былай қазақ полицейлері қараша айының 10-шы жұлдызында «Ішкі істер қызметінің ардагерлері» күнін атап өтеді. Осыған орай Түркістандықтар қоғам тынышын күзетіп, ішкі істер саласына еселі еңбек сіңірген Шаймерден Айтпенбетұлының 4 бірдей жаңа кітабының тұсаукесерін өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кісі жігерін жанып, намысын қайрайтын туындылар жас өренге үлгі, бағыт-бағдар береді.
«Қазақ қайда барасың?» «Кененсары Наурызбай», «Өмірден көріп – біліп түйгендерім», «Қайтқан кек» туындылары Шеймерден Айтпенбетұлының ұзақ жылғы ізденісінің нәтижесі. Автор аталған еңбектерінде қоғам мен мемлекет мүддесін қаузап, тарих беттерін парақтайды. Оқырманға өзіндік ой-пікірлерін айтып, тұжырымдарымен бөліседі.

 Қаруын қаламға алмастырған жазушы, саналы ғұмырының 26 жылын қоғам тынышы мен тәртібін күзетуге арнаған. Еселі еңбегі еленіп, марапаттың да түр-түріне қол жеткізген. «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» қатарына да енген.  Іс-шараға жиылған үзеңгілестер замандастың талабы мен талантына тәнті. Жаңа кітабына сүйсініп, жылы пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара соңы жазушының жаңа туындысы жайындағы пікір алмасумен түйінделді.