Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентаудағы №5 Жылу энерго орталығына барып, жылу беру барысымен және қазандықтарды жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігер мен осы салаға жауапты басшылардың есебін тыңдап, пікір алмасты. Тиісті тапсырмалар берді.
Кентаудағы жылу энерго орталығының жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда 2 қазандықтың жөндеу жұмыстары аяқталып, іске қосылған. Қазір кешенді сынақ жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, желтоқсан айының соңына дейін №7, 12 қазандықтардың жөндеу жұмыстарды аяқтап, іске қосу жоспарланып отыр.