Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеттерінің бірі – ішкі нарықты сапасы төмен тауарлардан қорғау. Ол үшін жауапты департамент өкілдері жүйелі жұмыс жасап, тиісті тексерістер өткізіп отырады. Негізгі мақсат сертификатталмаған құрылыс материалдары мен тұрмыстық тауарларға сараптама жасап, сапасыз импорттың жолын кесу.

Мақсат аясында жауаптылар мен жергілікті кәсіпкерлер кірістер департаментінде бас қосып, дөңгелек үстел өткізді. Мақсат бір, мүдде жалғыз. Қала тұрғындарын жарамсыз тауап алып, сан соғып қалудан сақтау. Сондай-ақ 14 қарашадан бастап департамент «Кеден» ақпараттық жүйесіне ауысады. Жауаптылардың айтуынша, жаңа бағдарлама бұған дейін қызмет көрсеткен «Астана 1» ақпараттық жүйесінен қуаттырақ, мүмкіндік аясы кең.

 ЕРЛАН ӨЗБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Ертеңнен бастап кезең-кезеңімен «Кеден» ақпараттық жүйесіне көшіп жатырмыз. Бұл ескі түрімен салыстырғанда жетілген, автоматтандырылған нұсқасы болып тұр.» -

«Жасыратыны жоқ, кейбір құлқынын ақша тескендер тек пайданы ойлап, шетелден сапасы төмен тауарларды тасымалдайды. Тиісінше, бұл тұрғындар қауіпсіздігі мен сапалы өмір сүруіне кері әсерін тигізеді» дейді Бастар Есқараев. Айтуынша, сапасыз тауарлардың жолын кесу тек жауаптылардың емес, сіз бен біздің де қолымызда. Сондықтан жарамдылығы мен сапасы күдік тудырған кез-келген тауарды байқасаңыз, шұғыл түрде тиісті департаментке хабарлаңыз.  
 БАСТАР ЕСҚАРАЕВ, ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ
 – «Мәселен матор майлары, антифриз, тасол, теледидар, плестейшн дейміз, солардың сәйкестікті раутау құжаттары жоқ. Демек, оларды біз қауіпсіз деп ұсына алмаймыз.» - 01:05, 01:41 – «Егер сіздер кейбір өнімдерге күдік тудырсаңыздар оны бізден бізге шұғыл түрде хабарлаңыздар»
Дөңгелек үстелде жауаптылар тақырып төңірегінде баяндама жасап, пікір алмасты. Келушілер өзін толғандырған сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.