Шымкентте ICITE-2024 11-халықаралық конференциясы басталды. Дүниежүзілік ғылым күніне орайластырылған жиын онлайн және офлайн форматта ашық. Оған еліміздің белді ғалымдары және олардың шетелдік әріптестері қатысып, пікір алысты.
Университеттің жас ғалымдарының бұл жобасы патентеллген, теңдессіз жұмыс. Негізгі идея – отандық төмен сұрыпты фосфат шикізаттарын фосфор оксиді бойынша органикалық қышқылдардың көмегімен байыту үдерісін зерттеу.
Конференция аясында көрші елдерден келген ғалымдар қос елге ортақ тақырыптарды көтерді. Сонымен қатар, химиялық технология бойынша академиялық хаб құру туралы Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік университеті және Ресей химия-технологиялық университетімен Меморандумға қол қойды.
ГҮЛНАРА ИХТИЯРОВА, И. КАРИМОВ АТЫНДАҒЫ ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ, ПРОФЕССОР/ӨЗБЕКСТАН
«Қазіргі таңда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ғылыми байланыс артып, дамып келеді. Оған өнеркәсіптегі қажеттіліктер сеп болса керек. Қос елде де өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде химиялық өнеркәсіп жолға қойылған. Арнайы шақырған университет ұжымына алғыс білдіремін»
Конференцияда ғылым мен білім, медицина, биотехнология, химиялық технология, құрылыс, агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі технологиялары, механика, экология, жаңартылғани энергия көздері мен үнемдейтін технология сияқты өзекті проблемалар талқыланды.
Әуезов университеті әлемдегі ТОП 600+ оқу орындарының қатарына енген еліміздегі ең ірі көпсалалы білім ордасы. Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында мемлекеттің білім беру және инновациялық даму идеяларына қызмет ететін жоғары білім берудің флагмандарының біріне айналды. Университет қабырғасынан ел мақтанышына айналған белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері мен ірі тұлғалар білім алған.