Шымкентте тұрғын үй ауласында ойнап жүрген балалар жоғалып кетті. Анасының айтуынша, үш және бес жастағы бүлдіршіндерді кешкі сағат 6-лар шамасында таппай қалған. Олардың жоғалғаны туралы бірден полицияға хабарлаған.

Анасының айтуынша, балалар аулада ойнап жүрген. Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бірден іздестіру іс-шараларына кірісті. Ағайындылардың жүрген жерін анықтау үшін полицейлер көршілерден сұрастырып, мекенжайға жақын маңдарды аралап шықты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде балалар бір сағат ішінде көрші аулада табылды. Бүлдіршіндер анасына аман-есен қайтарылды. Азаматша өз кезегінде офицерлерге жедел жұмысы үшін шын жүректен алғысын білдірді. Полиция балалардың қауіпсіздігі - ересектердің басты міндеті екенін еске салады және қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін оларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.