Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Бақытжан Алдияр 50 жаста! Ақынын құрметтеген жерлестері Түркістанның төрінде шайырын ардақтады. Мерей тойға орай «Аналардың анасы» әдеби-сазды кеш өтті.

 Алдымен көрермендер мерейтой иесіне арналған тақырыптық кітап көрмесін тамашалады. Мазмұнды жиынды ҚР Президентінің  кеңесшісі Мәлік Отарбаев ашып беріп, ҚР Президентінің алғыс хаты мен төсбелгісін табыстады.  Облыс  әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркі Мемлекеттері Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет дарын иесінің шығармашылығына тоқталды. Айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков арнауын арнады.
 Бақытжан  Алдияр 1974 жылы 20 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының «Тұрбат» ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағына 2001  жылы  мүше  болып қабылданды. Шығармалары төрт ұжымдық жинаққа енгізілген. 1998  жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді. Өлеңдері 3 жинаққа  енген,  4 жеке кітабы бар. Көптеген халықаралық, республикалық  мүшәйралардың жүлдегері 2012 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен  марапатталған. Іс-шара барысында кеш иесі туралы арнайы дайындалған  бейнеролик көрсетілді.  

СНХ: МАРИЯМ АСАНОВА, КУРСТАСЫ
П тк 28:30 -29:02  Шындықты шыңғыртып айтатын адамдардың өнерін бағалайтын деңгейге жетіппіз ау деген сияқты мені қуаныш кернеп тұр. Өйткені Бақытжан тіке сөйлейтін желге қарсы тұратын қасиеті бар ерекше тұлға

КСМ: Кешті ақын, ҚР Жазушылар одағының Астана қаласындағы өкілі Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді. Түркістан  қалалық  балалар мен жасөспірімдер орталығының көркем сөз үйірме оқушылары Бақытжан Алдиярдың өлеңдерін оқыды. «Жаңа леп» ұжымының өнерпаздары  лирикалық әндер жазбасынан ел арасына  кеңінен танылған «Ерке қыз» әнін орындады. Әдеби  кеш көрерменге шабыт  сыйлап, көптің көңілін рухани байлыққа толтырды.