Шымкентте конькимен мәнерлеп сырғанаудан ҚР кубогының бірінші кезеңі басталды. Сайыста еліміздің 11 өңірінен келген спортшылар өнер көрсетеді. Ал, жарыста Шымқаланың намысын 8 мәнерлеп сырғанаушы қорғайды.

Конькимен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан кубогына еліміздің түпкір-түпкірінен 11 команда келген. Біріншілікте барлығы 60-қа жуық спортшы өнер көрсетеді. «Мұз сарайында» ел кубогы салтанатты түрде ашылды.

 Сайыста мәнерлеп сырғанаудан спорт шеберлері және спорт шеберлігіне үміткерлер бар. Кубоктың бас төрешесі Айгүл Қуанышова. Оның сөзінше, бүгінде аталған спорт түріне қызығушылық арта түскен.  

СПИКЕР: АЙГҮЛ ҚУАНЫШОВА, БАС ТӨРЕШІ
Біздің балалар жақсы өнер көрсетеді деген үміттемін. Спорт шеберлері, оған үміткерлер жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймын. Бүгінде мәнерлеп сырғанауға қызығатындар саны артып келеді. //   

 Ел кубогында Шымкент қаласы атынан 8 спортшы сайысқа түседі. Салтанатты ашылу рәсімінде олардың үшеуіне спорт шебері куәліктері тапсырылды. Жарыс 20-шы ақпанға дейін жалғасады.