Шымкент гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамы үшін жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөнінде профилактикалық сабақ ұйымдастырылды.
Іс-шара Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжде өтті. Кездесу барысында әскери қызметшілердің қызметтік және жеке автокөліктерді басқару кезіндегі жол жүру қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің және жол жүру қағидаларының негізгі талаптары түсіндірілді. Кездесу аясында әскери қызметшілерге құқық бұзушылықтардың тек жеке жауапкершілікпен шектелмей, олардың отбасыларына да тікелей әсер ететіні айтылды. Іс-шшара барысында жол-көлік оқиғаларының себептері мен салдары жан-жақты талданып, әскери жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған нақты ұсынымдар берілді.
ШОҚАН ҚАПАНОВ, АҒА ОФИЦЕР, ПОДПОЛКОВНИК
– «Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі – жол-көлік оқиғалары және оның алдын алу.» «Әскери полицияның қызметі – әскерилерге жол жүру ережелерін сақтауды, спирттік ішімдік ішіп құқық бұзбау қажетін ескертіп келеміз.»