Қазақстанда жыл басында тұрғын үйге сұраныс күрт төмендеп, мәмілелер саны шамамен 50%-ға төмендеген. Сарапшылар мұны желтоқсандағы жоғары сатылыммен және жаңа ипотекалық бағдарламаларды күтуімен байланыстырады.
Мамандардың айтуынша, заңдар, салықтар және ипотекалық бағдарламалар өзгеруі мүмкін деген әңгімелерге байланысты желтоқсанда нарық шамадан тыс қыза түскен. Ол кезде 50 мыңнан астам мәміле жасалып, соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен. Енді желтоқсанмен салыстырғанда пәтерлерге сұраныс 47%-ға, жеке үйлерге 50%-ға төмендеген. Ең көп сатылған тұрғын үй бір бөлмелі пәтерлер. Астана мен Алматы қалаларында тұрғын үйдің ең көп сатылымы тіркелді.