Көктем базарындағы қарапайым халыққа жаңа Конституцияны түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл күні белсенді топ кәсіпкерлер мен қала тұрғындарын наурызда өтетін референдумға шақырды. Сондай-ақ, Жаңа Конституция жобасында көрсетілген кәсіпкерлерге қатысты жаңашылдықтармен бөлісті. Қала тұрғындарын өз құқығы мен бостандығын білуге, заң мен тәртіп қағидатын сақтауға шақырды. Ата Заң еліміз үшін маңызды құжаттардың бірі. Сол себепті оны халыққа түсіндіру маңызды бастама.
ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, АУЫЛ ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ КЕҢЕСШІСІ
«Егемен Қазақстан газетіне барлық жаңартылған жобалар ұсынылды. Сол кездегі оқып шыққандар бар, оқымағандар бар. Біз соларға түсіндіреміз. Қай бапта қандай өзгерістер орын алып жатыр, не үшін олай орын алды деген сияқты. Мысалы, қазіргі таңда халық арасында кең таралған 9-баптың 2-ші тармағы. Себебі, енді бұл бірінші әлемдік геосаяси жағдай. Бізде тек қазақ халқы емес, басқа да ұлт өкілдері тұрады. Соларға толық түсіндіруге тырысамыз.»