Биыл елімізде 90 жаңа мектеп ашылады. Білім ошақтарының басым бөлігі Астана мен Шымкент қалаларында салынуда. Оқу-ағарту министрлігі апатты, үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. 47 мыңға жуық оқушыға арналған жаңа мектептер бой көтереді.
Жаңа оқушы орындарын пайдалануға беру арнайы мемлекеттік қор қаражаты, білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет пен жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 236 мыңға жуық оқушы орнына арналған 162 мектеп пайдалануға берілген. Соңғы үш жылда жалпы 746 мың оқушыға арналған 584 мектеп ашылды.