Жаңа Конституция жобасы Шымкенттегі энергетика саласы мамандарының арасында талқыланды. Олар бұл бастамалар елімізді жаңа белестерге жетелейтініне сенімді.


«Жаңарған Қазақстанға жаңа Ата заң қажет. Бірнеше бапқа түзету енгізілуі заманауи мүмкіндіктерге жол ашады», – дейді сала мамандары.


Әркім өзінің Конституциялық міндетін білуі керек. Заң мен тәртіп қағидаты үстемдік құрған заманда біреудің арбауына еруіне жол жоқ. Жаңа Конституцияда осы қағидалар қатаң сақталған.


Жиында бас қосқандар Наурызда өтетін референдумға бірауыздан қатысуға шақырды. Олар мемлекеттің болашағын айқындайтын маңызды күні әркім өз ұсынысын білдіруі қажет деп отыр.