Шымкентте жалпыұлттық референдумды қолдау мақсатында «Елді жаңғырту жолында біргеміз!» атты қоғамдық акция ұйымдастырылды.
Шараға шаһардың мыңға жуық тұрғыны қатысты. Қатарында жастар, мәдениет өкілдері мен спортшылар бар. Мерекелік бағдарламада Қазақстанның халық әртісі Майра Мұхамедқызы өнерпаздармен бірге «Ата заң бұл» әнін орындады. Сондай-ақ, қатысушылар жаңа Конституцияның әділетті қоғам қалыптастырудағы маңызын атап өтіп, референдумға қолдау білдірді. Айта кетейік, жаңа Конституция жобасы бойынша референдум 15 наурыз күні өтеді.
РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ АКЦИЯ ӨТТІ