Жаңа Конституция елдің тұрақты әрі қауіпсіз дамуына бағытталған. Құжат жобасын талқылау жұмыстары жалғасып жатыр. Осы ретте қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек үздік жастармен кездесіп, Ата заңға енгізілетін өзгерістердің маңызына тоқталды.
Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына халықтан және саяси партиялардан көптеген ұсыныс түскен. Жоба жарты жыл бойы жан-жақты талқыланған. Кездесуде Сәрсен Құранбек Конституцияның жаңа редакциясында адам құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше мән берілгенін айтты. Сондай-ақ тіл мәселесі де назардан тыс қалмағанын жеткізді. Жиын барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Ол өз тұғырына қонып келеді, бұйыртса, биігіне де шығады. Қазір балалардың 70 пайыздан астамы қазақ тілінде білім алады. Мектеп бітірушілердің 76 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады.