М.Әуезов университетінде «Өнер және жасанды интеллект: заманауи мәдениеттің визуалды жаңа парадигмасы» атты конференция өтті. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған жиын педагогика ғылымдарының докторы, академик Садыбек Бейсенбаевтың 60 жас мерейтойына арналды.
Садыбек Қалмаханұлы 35 жылдан бері ұстаз атты ұлы атқа дақ түсірмей, саналы шәкіртке сапалы білім беріп келеді. 200-ден аса ғылыми-әдістемелік еңбек жазып, өнертану саласын өрге сүйреді. 50-ден аса магистрге жетекшілік жасап, ғылым докторларын даярлады. Жиында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хаты оқылып, университет ұжымы тәжірибелі педагог иығына шапан жапты.
ҚУАНДЫҚ ЕРАЛЫҰЛЫ, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ОҚЫТУШЫСЫ, П.Ғ.Д., ПРОФЕССОР
– «Ең біріншіден С.Қалмаханұлы тамаша суретші педогог.» «Бейнелеу өнері және сызу педогогтарын дайындау мәселесінде Қазақстандағы алғашқы докторлардың бірі.» «Қазақстандағы көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру саласындағы бірден-бір ғалым деп айтуға болады.»
Конференцияда жасанды интеллекттің бейнелеу өнері мен дизайн саласына тигізер ықпалы талқыланды. Халықаралық жиынға шетелдік суретшілер мен дизайнерлер және жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. Олар мерейтой иесін құттықтап, тақырыпқа ой қосты. Цифрландыру элементтерін жан-жақты сараптады.
ҚАНАТ БАЙБОЛОВ, Ж.ТӘШЕНОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында қазақстан соңғы үш жылда цифрлы Қазақстанға айналу. Соның мақсатында ең бірінші бізге керектігі жоғарғы оқу орындарында жалпы халықтардың барлығы жасанды интеллектіні қолдана білу қажет. Соған байланысты бүгін біршама баяндамалар оқылады.»
Ғылыми-практикалық конференцияда жасанды интеллект тақырыбы жан-жақты талқыланды. Ақылды көмекшіні білім беру жүйесіне икемдеу тәсілдері сөз болды. Ұстаздар өзара пікір алмасып, тәжірибе жетілдірді.