1. 12 ақпанда жаңа Ата Заң жобасы баспасөз бетінде жарияланды. Оған сәйкес қолданыстағы Конституцияның 9 бөлімі мен 77 бабына түзетулер мен өзгерістер енгізіледі. Бұл жалпы заңнамалық құжаттың 84 пайызын құрайды. Бұған түрткі болған – халық пікірі мен елдің ұсынысы. Конституцияға енген өзгерістер елдің бұдан әрі өркендеуі мен билік жүйесін одан сайын жетілдіруді көздейді. Ел жаңа Ата Заң мәтінімен танысып, өзіндік пікір қалыптастырып үлгерді ме? Ендеше халық пікіріне құлақ түрейік.