Заң мен тәртіп қағидаты аясында Сауран ауданының Бабайқорған ауылында «Қолдау және мүмкіндіктер» акциясы өтті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жергілікті тұрғындарға құқықтық сауаттылық, мемлекеттік көмек, жұмыспен қамту жобалары жайында ақпарат берді.
Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан да полицейлер мен прокурорлар халыққа құқықтық кеңес беріп, заң жобаларын түсіндірді. Жиынға әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері де қатысып, жұмыспен қамту, мемлекеттік жәрдем шаралары жайында ақпарат берді.
АЛМАЗ АСЫЛБЕКОВ, САУРАН АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
– «Орталықтағы ауылдарды аралайды да, шетте қалған ауылдар қалып қояды. Сондықтан да біз осы акция аясында барлық тұрғынға қажетті ақпаратты түсіндіріп келеміз.»
Акцияда жұмыспен қамту шаралары жайында да кең көлемде ақпарат берілді. Ауыл тұрғындары қажетті кеңестерге құлақ түріп, бос жұмыс орындарымен танысты.
БАҚЫТ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
– «Мәдениет үйіне еден жуушы болып орналасу үшін құжаттарымды жинап жүрмін.» «Бос жұмыс орындары жайында хабарландыру берілді. Сол бойынша келдім.»
Акция барысында тұрғындар құзырлы орган қызметкерлері мен әлеуметтік мамандарға түрлі сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды.