Түркістандық полицейлер өңір тұрғындарына 10 мыңға жуық жаднама таратты. Ақпараттық қағазда алаяқтықтан сақтану, әккілердің құрығына түсіп қалмау жолдары жазылған.
Брошюраларды тәртіп сақшылары халық көп шоғырланатын сауда орындары мен дүкендерде, дәмханалар мен тұрғын үй аумақтарында үлестірген. Сақшылар азаматтарға жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға сақ болу, телефонға келген кодтарды ешкімге айтпау керектігін ескертті. Халық үніне құлақ түріп, жолдаған сауалдарына жауап берді.