Ел Президенті Қ.Тоқаев  Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында кітапхана ісін өркендетуге бей-жай қарауға болмайтынын атап өтті.Алматы мен Астанада тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапханалар бой көтеретінін жеткізді.Үшінші  мегаполис тұрғындарына да жоғарыда айтқан жағдайлар жасалса нұр ұстіне нұр болмақ.


Мемлекет басшысы:ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз-деді. Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу, қоғамда кітап оқу мәдениетін орнықтыру үшін «Ұлттық кітап» күнін белгіледі.Соның нәтижесінде көптеген істер қолға алынды.


Қызылорда қаласында өткен 2026 жылғы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы жуырда құрылысы басталатын Президенттік кітапханаларды  қазақтың тарихын, мәдениеті мен өркениетін дәріптейтін орталықтар болуы керектігін, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамыған сайын ұлттық бірегейлігімізді нығайту өзекті болатыны, сонымен қатар Абай ілімі біздің ұлттық болмысымыздың өзегі болуға тиіс. Оның ой-толғамдары қанша заман өтсе де маңызды болып қала беретінін тілге тиек етті.Қазіргі таңда қандай кітапханаға бас сұқсаңыз рухани сусындауға келген жасты көзіміз шалады.


ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кітапханалардың қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып,  оқырман сұранысын қанағаттандыратын кітаптар аз екенін және ұлттық сана мен зияткерлік әлеуетті қалыптастыратын маңызды мәдени орталық ретінде дамыту қажеттігін айтты.Ал біздің өңірде бұл іс қолға алынған.


Кітапханаларға көңіл бөлу  – халықтың руханиятына көрсетілген қамқорлық.      Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты  Абай атындағы қалалық орталық кітапхана мен  23  бөлімше  оқырмандарға  қызмет көрсетеді. Жалпы кітап қоры 555 560 дана.Ал оқырмандар саны 105 мыңға жуық.Біз Шымқаладағы Ш.Қалдаяқов көшесінде орналасқан №2 бөлімшесіне аялдадық.


Жоғарыда атап өткеніміздей қаламыздың әр нүктесінде кітапхананың көптеген бөлімшелер ашылған. Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты Абай атындағы орталық кітапхананың №1 бөлімшесі де қаланың қақ ортасында оқырмандарға аптаның жеті күнінде демалыссыз заманауи үлгіде қызмет көрсетеді.


Кітапхана қала тұрғындарының рухани дамуына қызмет ететін маңызды мәдени нысан болып табылады. Кітапхана бөлімшелерінің көпшілігі қала орталықтарында орналасқандықтан, бірнеше бөлімшелер қаладағы атап айтқанда (Тұран, Шымсити, Нұршуақ, Асар) мөлтек аудандарына көшірілді. Бұдан бөлек 2013 жылы Төле би, Сайрам аудандарынан қосылған Сайрам, Шапырашты, Базарқақпа, Жыланбұзған, Тоғыс, Қызылжар тұрғын алабтарында кітапхана бөлімшелері ашылған болатын.