«Ауыл» партиясының мүшелері «Рахат-Шымкент» кәсіпорнында Жаңа Конституция жобасына арналған ашық пікірталас өткізді. Жиында қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығын талқылап, өз ойларын ортаға салды.
Жаңа Конституция жобасы қоғамның сұранысы мен заман талабына сай әзірленіп, мемлекеттің құқықтық негіздерін жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат ретінде ұсынылды. Жоба жаңа мазмұнмен толықтырылып, ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайды. Басқосуда Конституцияға енгізілуі ұсынылған негізгі әрі өзекті өзгерістер талқыланды. Партия өкілдері тұрғындарды референдумға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.
ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫ
Алдағы конституциялық өзгерістер әрбір азаматқа қатысты құжат болып табылады. Сондықтан оны ел болып талқыдан өткізу — басты міндет. Бұл тұста түрлі сауалдар туындауы мүмкін. Сол сауалдарға жауап беріп, түсіндіру мақсатында келіп отырмыз.