2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы аясында елімізде жеке кәсіпкерлер саны артты. Еңбек мобильді орталығы дерегінше, өткен жылы Шымкентте 56 427 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Биыл 32 мың азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтар қысқа мерзімді оқудан өтіп, қосымша мамандық игере алады. Мемлекет тарапынан қолға алынған «Қайтарымсыз грант» аз қамтылған азаматтардың жеке кәсіп ашуына мүмкіндік береді.
Грант иегерлерінің қаржысы қатаң тексеріледі. Себебі кейбір жаңа кәсіпкерлер алған қаражатын мақсатсыз жұмсағаны тіркелген. Десе де, өз кәсібін ашып, жетістікке жетіп отырған азаматтар да бар. Бұл жобаға қатысу үшін үміткер арнайы әлеуметтік статусқа ие болуы керек. Сондай-ақ, бизнес жобаның ерекшелігіне мән беріледі. Құжаттар толықтай электронды түрде тапсырылады.
БАҒДАТ АРҚАБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Грантқа қатысатындар алты санатқа бөлінеді: көп балалы және аз қамтылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, мүгедекке немесе мүгедек балаға қараушылар, қоныс аударушы азаматтар. Олар алдымен «Бастау Бизнес» курсын өтіп, сертификат алғаннан кейін бизнес жоспарын жасап, құжаттарын тапсырады.
Қайтарымсыз грант 400 АЕК-ке дейін, яғни 1 730 000 теңге көлемінде беріледі. Еңбек мобильді орталығы бір жыл бойына сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді. Әр қатысушы мемлекеттен бөлінетін қаржыны тек бір рет ала алады. Грант иегерлері жұмсалған қаржы туралы есеп береді.
БАҒДАТ АРҚАБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Мемлекеттік грант жыл сайын екі лекпен өткізіледі: бірінші лек мамырда, екінші лек тамызда. Биыл 340 азаматқа грант беру жоспарланып отыр, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 431 адам болды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 700-дей азамат қатысады.
Бағдарламаға қатысушылар бизнес жоспарында шикізатты қосып есептейді. Ол гранттың қаржысына кірмейді. Сол себепті комиссия оны тізімнен шығарады. Қатысушылар алдымен кірістер басқармасына барып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс.