Шымкент қаласында 2026 жылы Еңбек мобильді орталығы арқылы 32 мың азамататты жұмыспен қамту көзделіп отыр. Оның 11 мыңы тұрақты, 5 мыңы уақытша жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар жұмыссыз жүрген азаматтар қысқа мерзімді оқудан өтіп,қосымша мамандық игереді.Оған мемлекет тарапынан аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында қолға алынған «Қайтарымсыз грат» кепіл болады.
БАҒДАТ АРҚАБАЕВ,ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫ»КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
Бүгінгі таңға дейіңн 4300 азамат осындай белсенді шараларға қатыстырылды.Оның ішінде 1700 азамат тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.
Шымкентте мемлекет көмегімен қайтарымсыз грант алып, ісін ашып,өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар саны артып келеді.Яғни, пилоттық жоба әлеуеметтің әлеуетін арттыруға негіз болып отыр. Шымкентте биыл 340 орынға грант беру жоспарланып отыр. Бизнес иделардың басым бөлігі тәттілер пісіру мен түрлі шеберханалар болса басқақсы құрылысқа қажетті заттар шығармақ.Комиссия бірінші кезекте жобалар бірін-бірі қайталамайтын оған қоса жаңашылдық жағына мән береді.Бір сөзбен айтқанда қайтарымсыз грант халқтың ырысын арттырып отыр.
БАҒДАТ АРҚАБАЕВ,ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫ»КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Мемлекеттік қайтарымсыз гранттыжылдағыдай екі легте болады. Мамыр тамызда.
Жоба әсіресе жастардың көптеп кәсіп ашуына қолдау болып отыр.Бағдарлама аясында бірі мал санын асылдандырса енді бірі ұлттық өнерді дамытып, бірі тігін цехны ашса, енді аяқкиім тігумен айналысып келеді.Жаңа бизнес идеялардың ішінде компиютер жөндеу, құс және ет шаруашылығының жобасы да бар.Он саусағынан өнері тамған ісмерлер ұлттық өнерімізді де дәріптеп жүр. Дегенмен бұл жобаға екінің бірі қатыса алмайды.Үміткер арнайы әлеуметтік статусқа ие болуы керек. Оған қоса бизнес жобаның ерекшелігіне де ерекше мән беріледі. Тағы бір ерекешлігі құжаттар толықтай электронды түрде тапсырылады.
Қайтарымсыз Гранттың әрбір тиыны сұралады. Мемлекеттен қолдау алған әрбір азамат ол қаржыны құжатта көрсетілген бағытқа жұмсауы тиіс. Яғни, көрсетілген заттарды сатып алу құрылғыларды орнатуы қажет. Оған қоса еңбек мобильді орталығы бір жыл бойына сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.
Қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау екі кезеңде жүргізіледі.Тәуелсіз комиссия қарауынан өтіп нақтыланған жоба мемлекет есебінен қаржыландырылады.Басты мақсат азамттарды жұмыспен қамтып, жеке кәсіп түрін көбейту.