Шымкентте жыл басынан бері сталкинг және қыз алып қашу деректері бойынша 40-тан астам қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Еркебұлан Ережепов арнайы форумда айтты. Жиын барысында ол қазіргі таңда жиі кездесетін бұл қылмыстарға заң тұрғысынан түсініктеме берді.
Мегаполисте жыл басынан бері сталкинг бойынша 25, ал адам ұрлауға, яғни үйленуге мәжбүрлеуге қатысты 19 қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда аталған деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. «Қыз тағдыры – ел тағдыры: сталкинг пен қыз алып қашуға жол жоқ» тақырыбында өткен форумда полиция өкілі осындай мәлімдеме жасады.
ЕРКЕБҰЛАН ЕРЕЖЕПОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Яғни жылдың басынан бізде сталкинг бойынша 25 қылмыстық іс тіркелді. Оның төртеуі қамалып, сотқа жолданды. Ал, ұрлау дерегі, яғни, үйленуге мәжбүрлеу бойынша 19 дерек тіркелді. Қазіргі таңда бір қылмыстық іс сотқа жолданды. Қалған қылмыстық істер тергелуде. Бұл ауырлау қылмыстық іс болғандықтан жан-жақты тергеуге жатады.
Жиын барысында құқық қорғау органдарының өкілдері, этнографтар мен дінтанушылар әйел құқығын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелерін кеңінен талқылады. Форумға мыңға жуық адам қатысты. Сондай-ақ, Еркебұлан Ережепов сталкинг ұғымын түсіндіріп, оның заң алдындағы жауапкершілігіне тоқталды.
ЕРКЕБҰЛАН ЕРЕЖЕПОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сталкинг дегеніміз не? Яғни, бұл адамның денсаулығына психикалық ауытқы келтіретін. Қайталанатын қоңыраулар, хабарламалар, аңду. Осындай іс-әрекеттерді біз сталкинг дейміз. Бұл сталкингтан бойынша 200 АЕК айыппұл немесе 50 тәулікке дейін қамауға алы көрсетілген. Ал, үйленуге мәжбүрлеу бойынша бұл жаңа заң нормасы.Бұл заң бйоынша ауыр жағдайлар болса 5 жылдан 10 жылға дейін, адам тобында болса 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығына айыру шаралары көрсетілген.
Қалалық полиция өкілдері азаматтарды қауіп төнген жағдайда үнсіз қалмауға шақырады. Сондай-ақ, қудалаушымен байланысты толық тоқтатып, барлық дәлелдерді сақтап, дереу 102 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.