2025 жылғы Ookla Speedtest® деректері бойынша Қазақстандағы ең жылдам интернет көшбасшысы Meganet интернет-провайдері. ҚР Цифрлық даму министрлігінің жоғары сапалы әрі жылдам желі үшін марапатына ие болған Meganet компаниясы Шымкент қаласында меншікті оптоталшықты желісінің ресми іске қосылғанын хабарлайды. Қала тұрғындары мен ұйымдары 800 Мбит/с дейінгі тұрақты жылдамдықпен заманауи интернет-инфрақұрылымға қолжетімділікті алады. Шымкенттеге жаңа кеңсесінің ашылу салтанатын тілші әңгімелейді.
Шымкенттегі Meganet іске қосылуы — «нүктелік қосылу» емес, ауқымды толыққанды шығу. Компания өңірге желі салудың технологиясымен, жеке инженерлік базасымен және жоғары жүктемеге есептелген сервисімен келді. Мақсат — онлайн-оқу, қашықтан жұмыс істеу, стриминг пен гейминг сияқты күнделікті нақты жүктемемен жұмыс істейтін жылдам, тұрақты әрі қолжетімді интернетпен қамтамасыз ету.
ТАҢАТАР ӘНУАР, MEGANET КОМПАНИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Біздің басты қағидамыз клиенттің уақытып үнімдеу. Барлық процестер толық цифрландырылған. Meganet қосымшасы арқылы жүзеге асады. Біз жоғары жылдамдықтағы технологияны және заманауй жабдықтарды бірге ұсынамыз. Сонымен қатар қалада тегін қосылуға дайын жасыл аймақтарды бірге қосамыз.
Желіні кеңейту аясында Meganet Шымкентте техникалық мамандар мен сату менеджерлері үшін 180 жаңа жұмыс орнын ашты. Компания екі тәуелсіз электрмен жабдықтау желісі бар модульдік деректерді өңдеу орталығын қоса алғанда, жоғары технологиялық инфрақұрылымды іске қосты, бұл желінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттырады. Meganet әртүрлі пайдаланушылар санатына арналған икемді және тиімді тарифтік жоспарларды ұсынады: 800 Мгбит/с дейінгі жоғары жылдамдықты интернет бастапқы құны айына 7000 теңгеден басталады. «Интернет + ТВ» тарифі бастапқы құны айына 9 450 теңгеден басталады. Интернет және ұялы байланыс 6950 теңгеден басталады 3 айға жаңа абоненттер үшін 50% жеңілдік қарастырылған.
ТАҢАТАР ӘНУАР, MEGANET КОМПАНИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Алдағы айларда Шымкент қаласын толығымен қамтимыз. Қаланың ішіндегі техникалық жұмыстар аяқталғаннан соң Түркістан облысына шығуды жоспарлап отырмыз. Meganet- жылдамдықтың жаңа деңгейі, Шымкент қосылуға дайын бол
Сапаны бақылау үшін Meganet тәулік бойы жұмыс істейтін мониторинг жүйесін қолданады. Ол серверлердің, желінің және деректерді сақтау жүйелерінің жағдайын нақты уақыт режимінде қадағалайды. Кез келген ақаулар барынша жедел жойылады — көп жағдайда абоненттер ақауды байқамай да қалады.
Meganet әрдайым толық жылдамдықта! meganet.kz +77003390909