Ордабасыда «Дәстүр сабақтастығы – мәдениеттің кепілі» атты танымдық іс-шара өтті. Басты мақсат дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра отырып, қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеу.


Шара барысында көрермендерге қазақ мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері жан-жақты көрсетілді. Беташар, Ақтық байлау, Құрсақ шашу, Азан шақырып ат қою, Тұсау кесер, Айдар шаш қою, Жақсының орнына аунату сияқты оннан астам дәстүр таныстырылды. Әрбірі өзіндік терең мәні мен өміршең құндылықтарға бай.  Беташар дәстүрі жас жұбайлардың бір-біріне деген сенімін арттырып, отбасылық бірліктің символы ретінде ұсынылса, Ақтық байлау мен Құрсақ шашу дәстүрлері халықтың болашақ ұрпаққа деген қамқорлығын көрсетеді. Ал, Тұсау кесер мен Айдар шаш қою жастардың өмірге қадам басар сәттерімен байланысты. Бұл дәстүрлердің әрқайсысы ұлттық құндылықтардың маңызын ұғындырумен қатар, көрермендерге рухани жаңғыру мен ұлттық бірлікті сақтаудың қажетін ұғындырды. Нәтижесінде, жастар арасында ұлттық мұраға деген қызығушылық артып, қатысушылар ризашылық танытты.