Бір күндік сәбидің өңешіне ота жасалды. Күрделі опеарция Шымкент қалалық перинаталды орталық дәрігерлері сәтті іске асырды. Қалалық перзентханадан орталықтың реанимация және қарқынды терапия бөліміне 3600гр салмақпен туған ер бала жеткізілген.
Кеңірдек ақауымен туылған нәрестеге «өңештің туа біткен атрезиясы яғни кеңірдек —өңештік жыланкөз» диагнозы қойылған. Жедел әрекет еткен орталықтың тәжірибелі дәрігерлер тобы сәбиге «Кеуде ішілік эзофаго-эзофагостомия» операциясын жасап шықты. Баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Дәрігерлердің жіті бақылауында. Қалалық перинаталдық орталықта биылдан бастап неонаталдық хирургиялық операциялар жасала бастады. Бүгінге дейін ішкі ағзаларының ақауымен туылған 40-там астам сәбиге күрделі ота жасалды. Қазіргі таңда нәрестелерге реанимациялық және қарқынды терапия қызметін көрсететін бөлімше мамандары тынбай еңбек етіп жатыр.