Қазақстандық деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, 9 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 08:24-те Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралас аймағында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің күші 3,9 балл.

 Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 742 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері Мақтаарал ауданы Атакент ауылында 2 баллдық күшпен сезілді. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.