«Ақжүрек ақын Ақмарал». Осындай тақырыппен бүгін айтыскер, жыршы Ақмарал Леубаевамен жүздесу өтті. Оған шаһарға танымал қалам ұстаған қауым мен шығармашылығын дәріптеп жүрген өнер иелері қатысты.  Жастар өлең-жырларын жатқа айтып, әндерінорындады. Абай атындағы орталық кітапханада ұйымдастырылған іс-шараға тілшіміз де қатысып қайтқан еді, бірге көрейік.
Ақмарал Леубаева – жастайынан өлең-жырды, ән-күйді жанына серік еткен ақын. Республикалық, облыстық мәдени-көпшілік шараларға студент кезінен араласып, аз жылда есімі көпке танылып, аламан айтыстарда ешкімге бәйге бермегені ел жадында. Бүгінгі кеште ақынның осы жетістіктері мен қайсар мінезі, көркем көңілі кеңінен айталды.
АНАР ЖАППАРҚҰЛОВА, АЙТЫСКЕР АҚЫН
 Мынау біздің Тәушен Әбуова мен Әселхан Қалыбекованың ізін жалғап келе жатқан ақын деп айтсақ болады. Ол ақындығы бір төбе Ақмарал апамыз тек Қазақстанға емес, Өзбекстан мен Қырғызстанға да танымал ақын болды.
Қазақ айтысы жасарып барады. Десе де артынан өшпес із қалдырған аға буынның өрнекті сөзі өшпек емес. Қазақ эстрадасына талай туынды сыйлап, өнегелі сөзімен көпке үлгі болған ақыннан үлгі алатын жастар көп.
 НҰРЖАМАЛ ШӘРІП, СТУДЕНТ
 Өнерімен біршама таныс болғаньыз. Бірақ айтыскер ақын, көптеген өнердің майталманы екенін білеміз. Түсінерсің, Өмір-ай, Ақмарал атты өлеңдер жинағы барын білемін.
МЕРУЕРТ ӘБДЕЗІМ, СТУДЕНТ
Маған Ақмарал Леубаеванің ойын толық айтатыны ұнайды. Мысалы «Тағдыр таңбасы» деген өлеңінде өзінің сүйіктісіне арналған. Сол жерде шығарманы қиналмай түсінетіндей етіп жазған.
 Ақмарал Леубаева – жаһұттай жыр тұнған поэзия әлемінде өзіндік өрнегі бар ақын. Қазақтың төл өнері – айтыс жанрында қалдырған із өлшеусіз. Қара сөзге дес бермес, жорғадай тайпалған қазақтың айтыскер қызының шығармашылығы мәңгі шарықтай бермек. Оған өзінің қолынан әлі қаламы түспегені айғақ бола алады.