Медицинада «алтын уақыт» өте маңызды. Пациенттер дер кезінде тиісті көмекті алуы керек. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков осылай деді. Қазір қаладағы 60-қа жуық емхананың бәріне қойылып отырған талап – осы. Басты міндет – халықтың денсаулығын жақсарту.
 Науқастарға алғашқы көмекті уақытылы көрсету, диагностика мен емдеу шараларын кешіктірмеу керек – дейді басқарма басшысы. Ауруды ерте анықтау мен жылдам емдеу – медицинаның қағидаттарының бірі. Әсіресе, жүрек-қан тамырлары аурулары, инсульт, жарақаттану секілді жайттарда уақытпен жарысуға, таласуға тура келеді.
НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ    

Денсаулық сақтау саласында алтын сағат деген бар, «золотой час» деген, сол уақыт арасында үлгеру керек. Осыны қойып жатырмыз. Әрине, бұрын әңгімелер болды, уақытылы көрсетпейді немесе бірдеңе талап етеді//
 Жүрек-қан тамыр аурулары - ең қауіпті дерттің бірі. Инфаркт, инсульт сияқты жағдайларда жылдам және дұрыс көрсетілген алғашқы көмек адам өмірін сақтап қала алады. Дер кезінде жасалған емдеу шаралары асқынудың алдын алып, қалпына келу процесін жылдамдатады.

ЖАСҰЛАН ЖИРЕНБАЕВ, НЕЙРОХИРУРГ     

«Инсультпен түскен науқастардың 2 түрі болады. Геморрагиялық және ишемиялық инсульт болып бөлінеді. Инсульттің барлығына бұл жерде жедел медициналық көмек көрсетіледі. Бұл көмекпен науқастарға операциялар тамыр ішімен жасалады. Бас кесілмейді, ми тамыры ішінде жасалады. Тромп алынып, қан тамыры жарылған жағдайда оны бітейді».

«Алтын уақыт» қағидаты – медицинадағы маңызды ұғымның бірі. Ол науқасқа көмек көрсету жылдамдығы оның өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететінін білдіреді. Сондықтан Шымкенттегі медициналық мекемелерде бұл талаптың енгізілуі халық үшін маңызды қадам болмақ.