Жас актерлер студенттермен кездесті. «Жастар ресурстық орталығында» шығармашыл азаматтар «Өнер таусылмас азық» тақырыбында ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесуде өнердегі кейінгі толқын өкілдері студенттермен ашық-жарқын сырласты.    

Кездесу Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Өнер таусылмас азық” тақырыбында еркін форматта өтті. Оған танымал актерлар Рауан Ахмедов, Аружан Тимур, Айбек Жағыпар қатысып, өнер жолының қыр-сырымен бөлісті. Жас буынмен «Арамызда Стамбұл» фильімінің желісін талқылады.

Шығармашыл топ студенттердің сұрақтарына жауап берді. Жиналғандар қоғамдағы түрлі мәселелерге қатысты олардың ойын тыңдады. Ұйымдастырушылар болса белсенділік танытқан жастарға фильм тамашалуға билеттер сыйлады.

«Арамызда Стамбұл» фильмі романтикалық хикая,  Қазақстан мен Түркия арасында өтеді. Ғашықтар оқиғасы өтірік пен шындықтың құнын түсіндіріп, соңы драмаға айналады. Махаббаттың күші мен отаншылдық рухтың үлгісін ұштастырады.

Фильм арқылы жастардың патриоттық сезімін арттыруды мақсат еткен топ мұнымен тоқтамақ емес. «Жастар ресурстық орталығында» мәдениет пен спорт салаларының үздіктерімен жиын өткізу ісі үзілмейді.