Шымкентте мәслихат депутаттары мен аудан әкімдері халықпен кездесіп, есеп беріп жүр. Бүгін соңғы болып Әл-Фараби ауданының тұрғындары халық қалаулысы мен аудан әкімінің атқарған жұмысы мен алдағы жоспарларын тыңдады. Көкейде жүрген сауалдарын тікелей қойып, сала мамандарынан сол мезетте жауап алды.

 Мегополисте аудан әкімдері мен мәслихат депутаттарының халықпен ашық кездесуі жалғасып жатыр. Қала мәслихатының жұмыс тобы атқарған жұмыстарын баяндады. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы 2024 жылы өткізілген сессиялардың қорытындысын бойынша қабылданған шешімдерді айтты.
Әл-Фараби ауданының әкімі де өткен жылы іске асқан жобаларға тоқталды. Қаланың орталығы саналатын аудан болғандықтан мұнда инфрақұрылымнан аса мәселе жоқ. Негізгісі аула абаттандыру мен жарықтандыру жайы. Аудан басшысы орталықтағы ескі тұрғын үйлерді жаңғыртудан өткізу туралы жоспарын баяндады.
 Халықпен кездесу сұрақ-жауап бөлімімен жалғасты. Тұрғындар күрмеуі шешілмей жүрген көкейіндегі мәселелерін жеткізді.
Арыз шағымын айтқандардың арасында қала тұрғыны ауласына балалар ойын-алаңын салуды тағы сұрады. Қанша жылдан бері әкімдіктің құр уәдесіне тойғанын жеткізді.
 Жинға мемлекеттік орган өкілдерін қосақанда жалпы саны 150-ге жуық азамат қатысты. Әл-Фараби ауданы тұрғындары көтерген негізгі мәселер күн тәртібіне сәйкес хаттамаға түсірілді. Енді әр арыз бойынша жауапты сала мамандары зерделеу жұмыстарын жүргізеді.