Өңірлік цифрлық саясат пен жасанды интеллект негіздері. Мемлекеттік басқару академиясының қалалық филиалы қызметке жаңадан тағайындалған мамандар үшін қайта оқыту курсын жалғастырып жатыр. Осы тақырыпта 25 маманға лекция ұйымдастырылды. Оған цифрландыру басқармасының басшысы мен Shymkent Hub технопаркінің жетекшісі спикер ретінде шақырылды.
23 жастағы Назым Құттымұраттың мемлекеттік қызметке тағайындалғанына 3 ай болған. Қазір экономика басқармасының бас маманы. Дәріс барысында өз жұмысын цифрландырудың көмегімен оңтайландыру жолдарын меңгергенін айтады. Одан бөлек жасанды интеллект көмегін қолдану да жеңілдегенін жеткізді.
НАЗЫМ ҚҰТТЫМҰРАТ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ
Бұл саланың, цифрландыру саласының жұмысымыздағы маңызы ерекше. Қазір біз бюджет болсын, халықтан келетін е өтініш арқылы жалоба бар, соған байланысты бәрін цифрландыру арқылы аламыз/
Бұл бастама Қазақстанның цифрландыру бағытындағы стратегиялық мақсаттарына сай мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға бағытталған. Оқыту барысында тыңдаушыларға өңірлік цифрлық саясаттың негізгі қағидалары түсіндірілді. Жасанды интеллекттің мемлекеттік басқарудағы рөлі, цифрлық технологияларды енгізу үрдістері мен оларды тиімді қолдану тәсілдері айтылды.
МҰХИТ КЕМЕЛОВ, ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Мемлекет басшысы қазіргі таңда нақты экономика секторын, өзіміздің бытовой өміріміздегі, мемлекеттік басқаруда цифрландыру механизмдерін кеңінен енгізу бойынша тапсырма берген. Сосын жасанды интеллект бойынша да тапсырма берді. Өмірізде қолдану, тиімділігін арттыру/
Мемлекеттік басқару академиясы өкілдерінің сөзінше, мұндай оқыту жас іскерлердің кәсіби деңгейін көтереді. Жаңа технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын дамытуға және мемлекеттік басқаруда инновациялық тәсілдерді енгізуге септігін тигізеді.
ӘСЕЛХАН МАҒАУИЯ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Айта кететін жайт – академия жалпы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бағытында цифрландыру құзіреттілігін арттыру бағытында, дәріс аясында, біліктілігін арттыру барысы аясында қолданылады/
Цифрлық трансформация мен жасанды интеллектті мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу – Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласындағы басты басымдықтарының бірі. Бұл бағыттағы білім беру, оқыту, жетілдіру алдағы уақытта да жалғасады.