Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл. Осыған орай Шымкенттегі №129 орта мектепте ерлік сабағы өтті. Мектеп ұжымы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының алтыншы механикаландырылған құрамының қолдауымен патриоттық кездесу ұйымдастырды.
Кездесу ХХ ғасыр тарихындағы ең ұзақ болған әскери қақтығыс туралы баяндайтын бейнеролик көруден басталды. Ауғанстан Демократиялық Республикасында борышын абыроймен орындаған ардагерлерге мектеп ұжымы мен оқушылары алғысын жаудырды. Қорғаныс саласының ардагерлері президент тапсырмасын түсіндірді.
Ардагерлердің өскелең ұрпақпен тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтылды. Қатысушылар жастарды патриот етіп тәрбиелеу жолында тәжірибелерімен бөлісті. Тарихи оқиғаларда жадымызда сақтауға қосып жүрген үлестерінін атады.
Іс-шарада «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының оқушылары мен механикаландырылған құрама оркестрінің әскери қызметшілері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Оқушылардың орындауында интернационалист-жауынгерлердің ерлігіне арналған әндер айтылды.
Бұл ерлік сабағы мектеп оқушылары үшін бейбіт өмірдің бағасы мен Отан алдындағы борышын өтеу маңыздылығын еске салды. Әр азаматқа патриотизм мен өз халқының тарихына деген құрмет сезімін нығайта тү